Қызылорда облысының прокуроры Р.Ожаровтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінде есірткі қылмыстарының алдын алу мәселесі қаралды.
Қызылорда облысының Полиция департаменті өз құзыреті шегінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күресте қажетті шаралар қабылдауда.
Жыл басынан 172 құқық бұзушылық анықталып, 1 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 23 есірткі өткізу, 53 есірткі өсіру, 4 есірткі жарнамалау деректерінің жолы кесілді.
Заңсыз айналымнан 959 килограмм есірткі заттары, оның ішінде 884 килограмм сора өсімдігі, 63 килограмм марихуана, 9 килограмм көкнәр өсімдігі, 432 грамм гашиш, 2 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді. Үй жағдайында сора өсімдігін өсіретін 5 фитозертхана анықталды.
«Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1100 сайт енгізіліп, бұғатталды.
Кеңеске қатысушылар есірткінің заңсыз айналымымен күрес бағытында бірлесе қызмет атқару бойынша ұсынысты қолдады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!