Сәрсенбі, 21 қаңтар, 16:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Есірткісіз болашақ – саналы ұрпақ таңдауы

21.01.2026

44 0

Фото: ашық дереккөзден

Біз – тәуелсіз елдің болашағын қалыптастыратын, ойы сергек, мақсаты айқын жас ұрпақпыз. Әрбір жасөспірім өз өміріне жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасай білуі тиіс. Қазіргі қоғамдағы ең қауіпті мәселелердің бірі – есірткінің таралуы.

Ол адамды уақытша алдап, шынайы өмірден алыстатады. Есірткі денсаулықты ғана емес, адамның арманын, мінезін, болашағын да жояды.
Біз білім алып, мамандық иесі болып, елге қызмет етуді мақсат етеміз. Ал мұндай биік мұратқа жету үшін таза өмір салты қажет. Спортпен шұғылдану, кітап оқу, пайдалы іспен айналысу – нағыз дамудың жолы. Әрбір жас есірткіге батыл түрде «жоқ» деп айтуы керек. Біз – болашақтың иесіміз.
Біздің қолымызда арман бар, мақсат бар, жарқын өмір бар.
Ал есірткі – сол өмірді бір сәтте құртып жіберетін қауіпті жау.
Есірткі адамды әлсіз етеді,денсаулықты бұзады, армандарды өшіреді, отбасы мен достардан алыстатады.
Біз спортты таңдаймыз!
Біз білімді таңдаймыз!
Біз таза, салауатты өмір салтын таңдаймыз!
Сенің бүгінгі таңдауың – ертеңгі болашағың.
Саналы таңдау – жарқын болашақтың кепілі.
Есірткісіз өмірді бірге таңдайық!

Көшербек Абай,

А.Бисенов атындағы №38 орта мектептің 10 сынып оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: