Сейсенбі, 04 қараша, 17:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Ескі тракторлар азайып келеді: Ауыл шаруашылығы техникасы қалай жаңаруда?

04.11.2025

66 0

Фото: BAQ.KZ - архив

Мемлекеттік қолдау мен жеңілдетілген лизингтің арқасында ауыл шаруашылығы өндірушілері техника паркін жаңарту қарқынын арттырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Министрдің сөзінше, жеңілдетілген лизингтің жалпы көлемі 250 млрд теңгеге жеткен. Соның нәтижесінде техника жаңарту қарқыны 6,5 пайызға дейін өскен, ал техника паркінің тозу деңгейі бар болғаны екі жылдың ішінде 80 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеген.

Заманауи техника – тиімді егіншіліктің негізі. Біз фермерлерді әрі қарай да қолжетімді лизинг бағдарламалары арқылы қолдай береміз, – деді ведомство басшысы.

Сонымен қоса, министр ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту агротехнологиялардың сапасына және еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді деп отыр.

Келесі жылы техника жаңарту қарқынын 8 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: