Бейсенбі, 01 қаңтар, 18:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Ет сататын жалған парақша арқылы жұртты алдаған алаяқ ұсталды

01.01.2026

53 0

фото: ашық дереккөз

27 қарашада Ақтау тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде «aktauetsupnaborzakaz» атты аккаунт арқылы ет өнімдерін арзан бағада сату туралы хабарландыру жариялаған. Бағасы тартымды болғандықтан, 10 желтоқсанға дейін тапсырыстар бірінен соң бірі келіп түсе бастаған. Осы уақыт ішінде ол болашақ жеткізілімдер үшін алдын ала төлем ретінде шамамен 400 мың теңге жинап үлгерген. Алайда оның алаяқтық әрекетін киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Lada.kz Маңғыстау облыстық полиция департаменті қазіргі уақытта 20-дан астам жәбірленушіні анықтағанын жазады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген ведомоство хабарламасында.

Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарын интернет арқылы сауда жасағанда барынша сақ болуға шақырады. Белгісіз адамдарға ақша аудармас бұрын, сатушы мен тауар туралы ақпараттың шынайылығына көз жеткізу қажет. Төлем жасамас бұрын аккаунтты, пікірлерді, жарияланымдар тарихын мұқият тексеріп, мүмкіндігінше ресми және расталған байланыс арналары арқылы сатушымен хабарласу ұсынылады.

Нарықтағы орташа бағадан әлдеқайда төмен ұсыныстарға әрқашан сақтықпен қарау қажет. Мұндай хабарландыруларды әдетте алаяқтар жиі қолданады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: