Бейсенбі, 20 наурыз, 03:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Фельдшер науқасқа көлікпен емес, атпен шауып барды

19.03.2025

208 0

Фото: инстаграм парақшадан

Жетісу облысы Ақсу ауданында фельдшер науқасқа атпен барды, деп хабарлайды Alash.kz.

Облыстық денсаулық басқармасының Instagram желісіндегі парақшасында жергілікті тұрғынның фельдшерді атпен күтіп алған сәтінен видео жарияланды.

«Толассыз жауған жаңбыр салдарынан жол жүру қиындап, жедел жәрдем ауылға жете алмай қалды. Салт атты жергілікті тұрғын фельдшерге көмекке келді.

Фельдшер өзімен бірге медициналық қобдишасын алып, атқа мінгесті. Жылқы су шайған жолмен медицина қызметкерін ауылға жеткізді. Науқасты тасымалдауға басқа да арнайы қызметтер жұмылдырылды. Бірлескен іс-әрекет пен жергілікті тұрғынның қамқорлығының арқасында әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға төтенше жағдайда өзара көмек пен жедел әрекет етудің маңыздылығын көрсетеді», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: