Дүйсенбі, 24 қараша, 11:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

«Фишингтің жаңа толқыны – Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»

24.11.2025

34 0

Фото: Freepik

Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасы  Құқықтық  статистика және арнайы  есепке  алу  жөніндегі  комитетінің  Қылмыстық  қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.

          Шетелдік дереккөздердің (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lost-iphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/,  https://itc.ua/news/moshennyky-obmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/) ақпаратына  сәйкес  зиянкестер адамдарға Apple атынан  жалған табылған iPhone-ның  моделі,  түсі  және  жадының  көлемі  көрсетілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишингтік  сілтемені қоса жайлғай отырып, жолдайды, осылайша хабарламаның жалған еместігі туралы әсер туындайды.

          Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.

          Бұл  зиянкестерге  iPhone-ның  қосылуын  құлыптауды  айналып  өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.

          Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстануды ұсынамыз:

– күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;

– жоғалған  құрылғының  құлыптау  экранында  байланыс  ақпаратын көрсету үшін бөлек электрондық поштаның мекенжайын пайдалануды;

– SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;

– құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеруді.

          Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: