Бейсенбі, 12 ақпан, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

FlyArystan-ның қол жүгіне ақы белгілеу тәртібін тексере бастады

12.02.2026

79 0

фото: shutterstock

FlyArystan әуе компаниясының ұшаққа отыратын жолаушы қол жүгінің артық мөлшеріне ақы белгілеу тәртібі тексеріліп жатыр. Монополиямен күресетін мекеме компания әрекеті тұтынушылар құқығын шектейді деп есептейді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Air Astana-ға қарасты лоукостерге қатысты тергеу жүріп жатқаны 12 ақпанда Алматыда өткен брифингте мәлім болды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қалалық басқармасының басшысы Нұржан Нұрланұлының айтуынша, мекеме FlyArystan-ның мөлшері өте қымбат ақы алғанын анықтаған.

«Мәселен, жүк мөлшері 1 кг асқан адам мен 5 кг асқан жолаушы бірдей ақы төлеуге мәжбүр болған», – дейді шенеунік.

Агенттік мұндай жағдай әуе компаниясы қызметіне жүгінген азаматтар құқығын шектеу деп есептейді.

«Нарықта нақты артық салмаққа қарай сараланған төлем тәжірибесі бар екенін көріп отырмыз. Бұл тәсілден бас тарту, біздің ойымызша, тұтынушылар құқықтарын шектейді. Сондықтан әуе компаниясына қатысты тергеу басталды», – деді Нұрланұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: