Сейсенбі, 03 ақпан, 12:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

FlyArystan ұшағында қолжүк салмағы 7 келі болады

03.02.2026

48 0

Фото: shutterstock

Наурыздан бастап FlyArystan әуе бортына тегін алып кіруге болатын қолжүк салмағы 5 келіден 7 келіге артады. Бұл туралы әуекомпания хабарлады, – деп хабарлайды  kursiv.media

«Қолжүк өлшемдері өзгеріссіз 56 × 23 × 36 см болуға тиіс және бір жолаушыға бір дана қолжүк қана рұқсат», – делінген ақпаратта.

Жолаушы салонға өзімен бірге алып кіретін барлық зат, оның ішінде сөмке, ноутбук, фотоаппарат, гүл, торт, музыкалық аспап қолжүк болып есептеледі.

Ал халықаралық рейстерде Duty Free дүкендерінен сатып алынған және пломбалы қауіпсіздік пакетінде немесе фирмалық Duty Free пакетіндегі, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын тауарлар тегін тасымалданады. Пакет санында шектеу болмайды.

Бұған дейін FlyArystan әуе компаниясының аса ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталған үш қызметкеріне үкім шықты. Дәуір Еркенұлы 9 жылға , Еркін Исанов пен Ренат Абулханов 8 жыл 6 айға сотталды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: