Дүйсенбі, 08 шiлде, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Фотосурет көрмесі өтті

23.09.2023

484 0

Бүгін Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Қала күні мерекесі аясында Батырхан Шүкенов саябағында «Қызылорда – таланттылар қаласы» атты фотосуреттер көрмесі өтті.

Мереке көркін қыздырған дәстүрлі шараның биылғы ерекшелігі – ашық аспан астындағы фотокөрмеге кәсіби фотографтармен қатар жаңадан бастап жүрген әуесқойлардың да қатысып, бағын сынауына мүмкіндік берілуінде.

Айта кету керек, қатысушылардың жасы мен техникалық мүмкіндіктеріне шектеу қойылғанмаған. Көрмеде алты Алаштың анасы болған Сыр елінің бас қаласы – Қызылорданың табиғаты, ғимараттары, ескерткіштері мен тағы да басқа суреттер халық назарына ұсынылды.

Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы ассосациясы заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығының төрайымы Анар Ізден, Қызылорда облыстық телеарнасының бас инженері Бақытжан Шүкенов, қалалық Жастар театрының суретшісі Жарқынбек Қосбаев және Германиядан келген халықаралық деңгейдегі сарапшы Норберд Штольдт сынды мықтылардан құралған қазылар алқасы сапалы, мағыналы суреттерді саралады.

Нәтижесінде бас жүлдеге Әсел Сүндетованың фотосуреті лайық деп танылды. Қалған жүлделі орындар легі: І орынды Михаил Ким, ІІ орынды Наталья Голованова, ІІІ орынды Қайрат Шалтақбаев иеленсе, Бақтияр Алмусаев мен Бақытжан Тәжібаев арнайы номинацияны қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қала әкімінің алғыс хатымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: