Жұма, 11 қазан, 06:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Фракция алты айлық жұмысының нәтижесін шығарды

14.07.2021

902 0

Кеше Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы жартыжылдық жұмыстың қорытындысын шығарды.Облыстық партия филиалында өткен жиында алты айда атқарылған жұмыс нәтижесін облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутаттық фракция жетекшісі Ләйлә Төрешова таныстырып өтті.

Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасында қамтылған іс шаралардың 16 пайызы орындалған.Алдағы 5 жылда 19 елді мекенді газдандыру жоспарланса, алғашқы жарты жылдықтаекі бірдей аудан ортылығы табиғи газға қосылды. Жыл соңына дейін Жол картасы аясында Қазалы қаласын, Шиелі ауданының Бекежанов және Қодаманов ауылдары толықтай табиғи газға қосылып, тұрғындардың газ тұтыну үлесі 67,4 пайызға жеткізілмек. Сондай-ақ, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, денешынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесін 35%-ға дейін жеткізу мақсатында өңірде 2 спорт кешеніне, 23 спорт нысандарына, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1 жүзу бассейні мен 12 стритбол алаңы пайдалануға беріледі.Облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» автожолының бойында 1078 метр асфальт төселіп, 3 жерден 2 көзді труба, 1 жерден төрт көзді труба өткелі салынды. Азық түлік бағасын тұрақтандыруға септігін тигізетін 2 әлеуметтік дүкен салынды.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуын 81%-ға дейін арттыру көзделсе бұл көрсеткіш 85,5 % орындалып отыр.

Бағдарлама аясында жалпы құны 1 923 041,9 мың теңгеге, Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту»жұмыстары мен «Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі  №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау» жобалары жүзеге асырылды.

Халықпен кері байланысты қамтамасыз етіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді жедел шешу мақсатында фракция мүшелері есепті мерзімде партия филиалдарының қоғамдық қабыдау бөлмелерінде 444 азаматты қабылдап,  251 өтініш оң шешімін тапты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: