Партияның қалалық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға партия филиалының Төрағасы Ибадулла Құттықожаев қатысты.
Күн тәртібінде:
- «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған
Сайлауалды бағдарламасының Қызылорда қаласы бойынша 2025 жылға жоспарланған шаралары мен олардың орындалмау тәуекелдері туралы; - Сайлауалды науқан барысында азаматтар тарапынан түскен ұсыныс, талап-тілектердің (наказы) орындалу барысы;
- Түрлі мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Роза Жүнісова баяндама жасады. Ағымдағы жылға Жол картасы аясында Қызылорда қаласы бойынша 71 шара жоспарланған. Оның 40-ы қала әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылса, 31-і жауапты басқармалармен бірлесіп орындалмақ.
Бөлім басшысының орынбасары Роза Талғатқызы ағымдағы жылға жоспарланған шаралардың барлығына қаражат қаралатынын жеткізді.
Өз кезегінде партия филиалының Төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы барша фракция мүшелеріне Жол картасындағы шараларды іске асыруға барынша жұмыс жасау керектігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық партия филиалының кеңесшісі Димаш Кенжалиев Сайлауалды науқанында тұрғындардан түскен ұсыныс-тілектердің орындалу барысына тоқталды. Аталмыш науқанда тұрғындардан түрлі деңгейдегі 166 ұсыныс-тілек келіп түскен болатын. Сауалдардың барлығы депутаттарға бөлініп берілген. Жыл бойына фракция мүшелері мәселелерді шешу бойынша жұмыс жүргізді. Дегенмен, бүгінде орындалмай қалған 15 ұсыныс-тілек бар. Димаш Абатұлы 15 ұсыныс-тілектің орындалуына атсалысу қажеттігін атап өтті.
Күн тәртібінде үшінші мәселе бойынша баяндама жасаған партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева депутаттық фракция мүшелерінің алда тұрғын мақсат-міндеттері мен жоспарларға тоқталды. Оның ішінде партия мүшелерінің сапалық құрамын арттыру, партиялық жобаларды іске асыру, депутаттық сауалдардың орындалуына күш салу керектігін жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!