Жұма, 07 ақпан, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Газ бағасы қаншаға өседі?

07.02.2025

12 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

«Көгілдір отын» бағасы көңілге қона ма? Энергетика министрлігінің мәліметінше, 15 ақпаннан бастап газ, бензин және дизель отынының бағасы өседі. Ол бойынша Қызылордада газ бағасы 90 теңге тұрады. Ал облыс орталығынан қашықтықтағы елді мекендерде бұдан 5 теңгеге қымбат. Баға әлі қолданысқа енген жоқ, себебі жанармай бекеттері әлі де қордағы сұйық отындарын сатып жатыр. Ал бензин мен дизель отыны 2-4 теңге шамасында қымбаттайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов айтты.

Бүгінде газ бен бензин бағасы бұрынғыдай бірқалыпты. Айта кету керек, сұйық отын бағасы бірден қымбаттамайды. Кезең-кезеңімен жанар-жағармай бағасы өседі деп күтілуде. Оның себебін республика бойынша газ тұтыну өсімі байқалғанымен түсіндірді. 2024 жылғы дерекке қарасақ, көлігіне газ қондырған жүргізушілер 36000-ға жуықтаған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5 есеге артқанын көрсетеді.

Думан Кеңшілік

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: