Ақтаудағы газ баллонының жарылуына қатысты өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ
Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Таңертең жарылыс болған «Асия» тұрғын үй кешенінің астыңғы қабатында тұрмыстық техника сататын “Invertor” дүкені орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллоны жарылған.
Жарылыс фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы (“Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу”) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу және жедел шаралар жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
