Ақпанның алғашқы күні күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде газ саласының имиджі мен беделін арттыру, қарапайым еңбек адамдарын насихаттау мақсатында «Қызылорда облысының газ саласының тарихы» экспозициясының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты жиынға облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары Серік Дүйсенбаев, Сұлтанбек Тәуіпбаев және газ саласының ардагерлері, сала мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Шара шымылдығын Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов ашты.
Өз кезегінде Сыр өңірінде газ саласы экспозициясының ашылуына бастамашы болған, аймақты газдандыру және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қолдау көрсетіп жүрген «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерқанат Темірханов ел азаматтарына алғысын білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!