Сенбі, 22 қараша, 15:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Газдан ажал аузында қалғандарды полиция қызметкері құтқарды

22.11.2025

38 0

Сурет: t.me/POLICE _of_kz

Арнайы іс-шара аясында Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері есепте тұрған отбасыларды тексеріп, саяжай аумақтарын аралау кезінде үйлердің бірінен улы газдың өткір иісін сезген. Мұнда бес бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана тұрып жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың үлкені – 17 жаста, кішісі – 3 жаста.

«Қауіп минут санап күшейіп бара жатқандықтан, полиция қызметкері дереу әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары үй ішінде улы газдың тарағанын растады. Пеште пайда болған ақаулардан үй ішіне түтін тараған. Үйде қалу қауіпті болғандықтан ана мен бес бала Өскемендегі дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды. Полиция капитаны Әсел Тукушеваның қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында бірден алты адамның өмірі құтқарылды, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды», делінген 2025 жылғы 22 қарашадағы полиция хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: