Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Газеттің дәурені өткен жоқ…

01.12.2020

1393 0

… Газеттің дәурені өткен жоқ. Бәсеке болғаны дұрыс. Бұрын газетке бәсеке болған жоқ. Радио мен телеарналар бәсекелес болмайтын. Ал мынау сайттар мен әлеуметтік желі газетке бәсекелес. Бірақ газеттің артықшылығы көп. Сайттың қағаз нұсқасы жоқ.

Ал газеттердің сайты да, қағаз нұсқасы да бар. Демек басылымдар сақталады. Газет редакторлары штаттарын қысқартпауы керек. Кейбір редакторлар журналистерін қысқартып жатыр дегенді естіп жүрміз. Ол дұрыс емес. Қайта газеттің сайтына істейтін тілшілері бар, әлеуметтік желіге бөлісіп отыратындары бар дегендей, редакция журналистерінің санын көбейту керек. Американың тәжірибесінде бар: газеттің қағаз нұсқасы да, сайты да жұмыс істейді. Қазір кейбір сайттар газеттерден көшіріп басады. Көшіріп деп жұмсартып айтып отырмын, шындығына келсек, тақырыбын айқайлатып қояды да, материалды ұрлайды. Өз басым газеттің дәурені өтті деп ойламаймын.

(Қайнар Олжайдың «Жас қазақ» газетінде жарияланған сұхбатынан)

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: