Бейсенбі, 31 шiлде, 08:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Ғалымдар адамның тез қартая бастайтын уақытын анықтады

30.07.2025

134 0

Фото: istockphoto

Ғалымдар адамның қартаюы күрт жеделдейтін кезеңді анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Nature басылымының жазуынша, Адам денесінің қартаюы біркелкі жүрмейді. Шамамен 50 жасқа келгенде, ағзаның тозу үдерістері қарқынды жүре бастайтын бетбұрыс кезеңі басталады. Бұл туралы Қытай ғылым академиясының ғалымдары жүргізген зерттеуде айтылған. 

Ғалымдар 14 пен 68 жас аралығындағы 76 адамның ағзасындағы сегіз түрлі жүйені зерттеген.

Олар 45 пен 55 жас аралығында айқын биологиялық өзгерістердің болатынын анықтаған. 

Қартаю алдымен жүрек пен қан тамырларын, соның ішінде ағзаға қан тарататын ең негізгі тамыр – аортаны әлсірететіні байқалған.

Зерттеу авторлары қартаю біртіндеп емес, толқын тәрізді – кенет өзгерістер кезеңімен жүретін үдеріс деген қорытындыға келген. 

Олардың пікірінше, қан тамырлары ағза бойынша қартаю үдерістерін іске қосатын заттардың таралуында маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Ғалымдар болашақта осындай «биологиялық өзгеріс нүктелерін» тереңірек зерттеу адам ағзасының жасқа байланысты тозу механизмдерін жақсырақ түсінуге және оны баяулату жолдарын табуға көмектеседі деп үміттенеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: