Сейсенбі, 24 желтоқсан, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатыр – Антикор

08.09.2022

873 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Антикор.

Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

«Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Сонымен қатар, Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде», – деп жазды ведомстводан.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады.

Күдікті адамдар күзетпен ұсталуда.

Тергеу жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: