Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова: Су көлемінің жеткілікті деңгейде болмауы мені де алаңдатады

06.02.2022

804 0

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария өзеніндегі су көлемі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін айтты. Бұл туралы аймақ басшысы «Facebook» парақшасында жазды.

Қадірлі сырбойылықтар! Бүгінгі күні өңіріміз үшін ең өзекті мәселе суға қатысты екені белгілі. Сыр перзенті ретінде Сырдариядағы су көлемінің жеткілікті деңгейде болмауы мені де алаңдатады. Бұл ретте бірлескен шешімдерді қабылдау күн тәртібінен бірде-бір түскен емес.

Осы аптада ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында су деңгейінің мәселесі қаралып, өз тарапымыздан өңірдегі су тапшылығына қатысты ұсыныстарымызды жеткіздік. Осы мақсатта ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге әзірленген өңірлік Жол картасы пысықталды.

Үкімет басшысы алда Өзбекстан Республикасында өтетін Үкіметаралық жиында Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу көлемін ұлғайту мәселесі бойынша өзара келіссөздер жүргізетін болады.

Сонымен бірге, кеше облысымызға арнайы іссапармен келген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, «Қазсушар» республикалық коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Алтай Елжасовпен кездестім.

Алдағы уақытта арнайы штаб құрып, су тапшылығынан шығуға қажетті қадамдарды бірлесе іске асырамыз. Осы ретте шаруалар түсіністік танытып, суды үнемдеп пайдаланудың технологияларын енгізуге көшуі керек. Әр 10 күн сайын ахуал сараланып отырады. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: