Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова Талапкер Әмриевпен кездесті

02.02.2022

705 0

Мемлекет тұтастығын сақтап, қоғамдық тәртіпті нығайтуда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 11 қаңтарында Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ұлттық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету бойынша нақты стратегиялық тапсырма берді. Бұл ретте өңірлерде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп сақтау шараларын күшейту бағытында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру бойынша арнайы Жол картасы қабылданып, көзделген бағыттар орындалуда.

Нақты міндеттерді жүзеге асыру аясында бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» Өңірлік Қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әмриевпен кездесіп, қоғамдық тәртіпті қадағалау шаралары бойынша пікірлесті.

Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыс әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев, Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев, ҚР Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» Өңірлік Қолбасшылығына қарасты әскери бөлімінің командирі Төлеби Чубаев және бірқатар салалық басқарма басшылары қатысты.

Басқосуда Талапкер Әмриев бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, ортақ мәселелер бойынша пікір алмасты.

Гүлшара Әбдіқалықова Талапкер Әмриевпен кездесті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: