Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Халқымыздың бірлігі – ел болашағының кепілі

09.09.2022

874 0

Халық бұл Жолдаудан көп үміт күтеді. Жаңа Қазақстан құру жолындағы бүкіл мемлекеттік құрылым басшыларының халық алдындағы жауапкершілігін  одан әрі күшейтуге Мемлекет басшысының баса назар аударғаны түсінікті. Себебі елімізде қордаланған мәселе жеткілікті, мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалана отырып, әрбір атқарылған жұмыстың санына емес сапалық көрсеткіштеріне мән беру басты мақсат етіп қою міндеті айқындалғандай.

Қоғамда қалыптаса бастаған саяси реформаларды жүйелі әрі пәрменді жүзеге асыра отырып, ел экономикасының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған іс шараларының уақытылы  орындалуларына айырықша назар аударылған.  Биыл бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституциялық  реформаның сөзсіз әрі табанды түрде орындалуына бүкілхалықтық бақылау орнату біздің әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз екені даусыз. Алдағы болашақта елімізде іске асырылатын, жедел орындалар жұмыстардың саяси астарының негізі-халқымыздың ауызбіршілік, ынтымақ-бірлігінде жатқанын бір сәт естен шығармауымыз керек.Алдағы белгіленген ел тағдырына қатысты кезектен тыс Республика Президентінің сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысты қолдай отырып,алға қойған  күрделі де кең ауқымды мақсатты жұмыстарды жүзеге асыруға барлық Сырбойы тұрғындарын шақырған болар едім.

Сайлаубай ӘБІШЕВ,

облыстық ҚХА  жанындағы қоғамдық келісім кеңесі төрағасының м. а .

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: