Абай облысының АФМ департаменті тұтыну кооперативі ретінде жұмыс істеген ELL QUATY атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz. Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар 1,5 мыңнан астам азаматты тартып, олардың жалпы 6,8 млрд теңгесін жинап алған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер азаматтарды HALYK QUATY деп аталатын кооперативке кіруге үгіттеп, пай жарналарын енгізуге шақырған. Олар жарна төлегеннен кейін тұрғын үй мен автокөлікті пайызсыз әрі ұзақ мерзімді бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендірген. Шын мәнінде, салымшылардан жиналған қаражат қаржы пирамидасының айналымын қамтамасыз етуге ғана жұмсалған.
halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, «Әр отбасыға бақыт!» деген ұранды пайдаланып, «халықтық кооператив» деген жалған бейне қалыптастырған.
«HALYK» тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы «ELL QUATY» болып өзгертілген.
Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі маркетингтік акциялар өткізген, соның ішінде «Солнечная Турция» туристік жолдамаларын ұтысқа қойған.
Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына «QAZ INFO MARKET» ЖШС тіркеп, онда кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарған. Алайда бұл қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген.
Нәтижесінде пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 млрд теңге қаржы құйған.
Ұйымдастырушы қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
