Ел тұрғындары «Halyk Bank» пен «Отбасы банк» сервистеріне кіре алмай, қиындыққа тап болды. Екі қаржы институтында да техникалық ақаулар тіркеліп, мобильді қосымшалар мен бөлімшелердегі қызметтер уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пайдаланушылар таңертеңнен бері ақша аудару, несие төлеу және басқа да маңызды қаржылық операцияларды орындай алмай жатқанын айтып шағымданған.
«Отбасы банктің» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тек мобильді қосымша ғана емес, сонымен қатар:
- Банк бөлімшелері;
- Baspana Market платформасы;
- Байланыс нөмірлері жұмыс істемей тұр.
Мамандар жөндеу жұмыстарының жоспарланған уақыттан ұзаққа созылып кеткенін мәлімдеді.
«Біздің команда барлық жүйелерді тезірек іске қосу үшін жұмыс істеп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген ресми хабарламада.
«Halyk Bank» те техникалық жұмыстар жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта банктің мобильді қосымшасы қолжетімсіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
