Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Халық саны: Қазақ көбейді ме?

19.01.2021

6582 0

Тәуелсіздіктің баянды болашағы халықтың саны мен сапасына тікелей байланысты. Тұрғын саны мемлекеттің саяси аренадағы салмағын еселеп ғана қоймайды, жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашатыны сөзсіз. Тіпті бірқатар елдің азшылық қауымға өктемдік көрсетуі, барын талан-таражға салуы да көптігіне сенгені, ұлтының табиғи өсіміне арқа сүйегені емес пе? Сондықтан қазақты да сыртқы күштен қорғайтын көрінбес қалқаны – халық саны.

Осы орайда соңғы жылдары халық өсіміне қатысты ресми деректер көңілге демеу болуда. Мәселен, жақында ғана 2020 жылы дүниеге келген нәрестелер саны рекордтық деңгейге жетті деген хабар тарап, бар қазақ сүйінші сұраған еді. Оған себеп Статистика комитетінің Қазақстандағы демографиялық ахуал жылдан-жылға жақсарғанын және елдегі халық саны 19 млн адамға жуықтаған туралы мәлімдемесі-тұғын. Әсіресе оң­түстік өңірдегі халықтың көбейіп, табиғи өсім бойынша көш бастағаны қуантты.

Сонымен қатар өткен жылы туу көрсеткішіне байланысты 33 жыл бойы өзгермеген рекорд жаңарғаны белгілі болып, ел мерейі тасығанын білеміз. Бұрын бір жылда дүниеге келген сәбилер саны бойынша 1987 жылды жемісті шақ деп қарасақ, өткен жыл ол межеден асып түсті. Мысалы  1987 жылы 417 мың шарана дүние есігін ашса, өткен жылы 420 мың сәби өмірге келген. Бұл тәуелсіздік шеңберіндегі ең айтулы жаңалық екені анық. Себебі бір сәби дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығатынын ертеден білген қазақ қоғамы ырыс-несібені жас ұрпақтан іздеген емес пе? Келешектің тұтқасы санап, үміті мен сенімін, аманаты мен тарихын ұлы белеске жетелейтін ұрпаққа көп сенім артқан.

Парламент сайлауы кезінде де нәрес­телердің туу көрсеткіші барлық өңірде ай­тарлықтай артқан. Бір күннің ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 69, Алматы облысында – 94, Түркістан облысында – 135  және Маң­ғыстау облысында 49 шақалақ туған. Қызылорда облысында да өткен жыл осы мазмұндас жаңалығымен есте қалды. Жылжабар 31-желтоқсан күні сағат 08:00-ден 1 қаңтар сағат 08:00-ге дейін 68 нәресте дүниеге келген. Оларлың 35-і ұл, 33-і қыз бала екен.

Не де болса, қазақтың көбейгені елге құт және болашаққа деген сенімді күшейтеді. Ендігі міндет көпбалалы аналарға жәрдемді арттыру, баспанамен қамту деңгейін көтеру екені даусыз. Сонда ғана өткен жылғы рекордтың жаңаратын сәті жуықтары белгілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: