Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде Нельсон Мандела күніне орай тәрбие бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәдени және спорттық іс шара өтті.
Яғни Ұлы тұлғаның суретін салудан байқау және дойбы ойынынан жарыс өткізілді.
Іс шараға қатысқан жазасын өтеушілерге Нельсон Манделаның өмірі, бейбітшілік пен бостандыққа қосқан зор үлесі, басынан өткен оқиғалары айтылды.
Іс шара соңында сотталған азаматтар мекеме әкімшілігіне алғыстарын айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!