Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Халықты көмірмен қамтамасыз ету қалай жүріп жатыр

13.09.2022

1228 0

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыркүйек айының алғашқы 10 күндігінде өңірлерге 329,9 мың тоннаға жуық көмір жөнелтілді. Негізгі екпін солтүстік аймақтарға жасалып отыр, өйткені онда жылу беру маусымы басқа өңірлерге қарағанда ертерек басталады.

Тұйықтарда және сауда қоймаларында көмір қалдығы 351,094 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ жақын арада вагондардың келуі күтіледі», – делінген хабарламада.

Министрлік дерегінше, қыркүйек айына арналған жоспар он күннің ішінде 30 пайызға орындалған. Ай соңына дейін межелі жоспарды толықтай жүзеге асыру жоспарланған.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгінде өңірлерге әлеуметтік көмір жеткізетін вагон паркі қосымша толықтырылып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде 2022-2023 жылдарға көмірге деген қажеттілік шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, тұрғындар үшін – 7 млн тонна.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: