Сенбі, 28 желтоқсан, 09:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Халықтың қуанышын көру – бақыт»

13.08.2023

291 0

Зәулім де әсем ғимараттар бүгінде қалада көптеп бой кө­теруде. Шіліңгір шілде айында да, қаһарлы қыста да құрыш қолды құрылысшылар жұмыс алаңынан табылып,  қалада да, ауылда да  сәулетті құрылыс тұрғызып, ел­дің алғысына бөленуде. Туған қаламыздың гүлденіп, көркейіп жатқаны құрылысшылардың ең­бегі. Өздерінің қолтаңбаларын кірпіштен қалаған еңбек адам­дары қандай құрметке де лайық. Қала тұрғындарының баспана алып, қуанған сәтін көру де құры­лысшыларға күш-қуат сыйлайды.  Өз өмірінің сәулелі сәтін құры­лысқа арнаған жанның бірі – Бақытжан Сансызбаев. Ол  1970 жылы 1 наурызда Қызылорда қа­ласында мұғалімдер отбасында  дүниеге келген.

1987 жылы №212 қазақ орта мектебін тәмамдаған соң «Промстрой» мекемесінде ком­сомол жастар бригадасын құрып жұмыс істей бастайды. Мұнан соң 1989-1995 жылға дейін «СПМК-1» құрылыс мекемесінде монтажник болып жұмыс ат­қарады. 2000 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Үйлер мен ғи­мараттар салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, «Иман» ЖШС мекемесінде бри­гадир мастер болып жұмыс істейді. 2015 жылдан «Сәт Сервис» ЖШС мекемесінде прораб болып жұмыс атқаруда. 

– Менің жанымның қа­ла­уы – құрылысшы болу бо­латын. Қалауым орындалып, бұл күнде ұзақ жылғы төккен тер өз нәтижесін беруде. Басқа мамандық мені қызықтырмайды. Өзің құрылысын жүргізген зәу­лім үйлер салынып бітіп, оған тұрғындар қоныстанып жатқанда кеудемді бір мақтаныш сезімі билеп, әсерге бөленемін. Бізде соңғы жылдары құрылыс қарқын алуда.  Қала көркейген сайын біздің жұмысымыз қыза түседі. Күннің аптап ыстығына қарамай, біздің жұмысшылар тынбай жұмыс істеуде. Жоспарға сай құрылыс нысанын тезірек бітіру үшін уақытпен санаспай ширақ қимылдаймыз. Бақытымды ең­бек­тен тапқаныма, елдің қуа­нышы­на ортақтасқаныма қуа­на­мын. Әріптестерімді төл ме­рекемен құттықтаймын, – дейді кейіп­керіміз.

Бұл күнде құрылыс сала­сын жетік меңгерген үздік құры­лысшы еселі еңбегімен құрметке бөленуде. Еткен еңбегі еленіп, «Қызылорда қаласының құрметті құрылысшысы» атанып отыр.  Қалай десек те  таза еңбек, маңдай термен келген қуаныш ұзағынан болары сөзсіз. Біз де озат құ­рылысшыға сәттілік тілейміз.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: