Жұма, 10 қазан, 18:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

ХҚКО «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді

10.10.2025

123 0

2025 жылдың 3-4 қазан аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы мен полиция департаменті бірлесіп «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді.

Шараның басты мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ көші-қон заңнамасы мен жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.

Акция барысында 300-ден астам облыс тұрғыны полиция қызметкерлеріне өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Олардың ішінде көлік тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу, айыппұлдарды төлеу және көші-қон мәселелеріне қатысты сұрақтар жиі қойылды.

Бұл акция полиция мен халық арасындағы сенімді арттыруға, сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: