Сейсенбі, 04 қараша, 05:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

03.11.2025

87 0

Бүгін «Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия» отырысы өтті.Комиссия отырысының күн тәртібінде мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылу жай-күйіне облыстық инспекциялық топпен жүргізілген тексеру қорытындысы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Қармақшы және Жалағаш аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталу барысы қаралды.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған облыстық инспекциялық топ 2025 жылғы 25-27 тамыз аралығында аймақтағы 36 мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында 4 мекемеде кемшіліктер анықталып, 4-і дер кезінде қалпына келтірілді.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Комиссия қорытындысымен облыстық басқарма басшыларына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне, сондай-ақ, аумақтық департамент басшыларына мемлекеттік рәміздердің бекітілген Ұлттық стандарттарға және ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес пайдаланылуын, қолданылуы мен орналастырылуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: