Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, енді қызметкерлерге, соның ішінде қашықтан жұмыс істейтіндерге де, икемді жұмыс уақытының режимін енгізуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еңбекминінің мәліметінше, мұндай кесте қызметкердің әлеуметтік-тұрмыстық және жеке қажеттіліктерін өндірістің мүдделерімен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Еңбек кодексінде икемді жұмыс кестесін кімдерге беруге болатынына қатысты шектеу жоқ. Сондықтан қызметкердің өтініші негізінде бұл режим кез келген санаттағы жұмысшыға тағайындалуы мүмкін.
Икемді жұмыс тәртібі жұмыс беруші мен қызметкердің келісімі бойынша белгілі бір мерзімге немесе мерзімсіз түрде енгізіледі. Бұл шарт еңбек шарты жасалған кезде де, оның орындалу кезеңінде де өзгертілуі мүмкін.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
