Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

07.06.2021

1248 0

Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі болған саясаткер Иманғали Тасмағамбетов «КАМАЗ» ЖАҚ директорлар кеңесінің құрамына өтті деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында ресейлік компанияның акционерлері сайлауға екі үміткерді ұсынғаны туралы хабарлаған еді. Олардың біреуі – КамАЗ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырко болса, екіншісі 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов.

4 маусымда өткен жылдық жалпы жиналыста Иманғали Нұрғалиұлы мүшелікке өтті.

«КАМАЗ» ЖАҚ – ресейлік компания, дизельді жүк көліктері мен дизельді қозғалтқыштарды өндіреді. Сонымен қатар автобустар, тракторлар, комбайндар, электр қондырғылары, жылу шағын электр стансалары мен компоненттер шығарады. Негізгі өндіріс Набережные Челны қаласында орналасқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: