“ҚХП” Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаровтың қолдауымен, «Арман» инклюзивті театрының ұжымы қасиетті, киелі мекен – Түркістанға саяхаттап қайтты.
Түркістанның аты аталса, ең алдымен тарихи орындар, киелі жерлер, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ойға келеді. Театр ұжымы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ішінде түрлі мағлұматтар алып, жер асты мешітіне барды. Түркі әлемінің рухани астанасының тағы бір көрікті орны Керуен сарайға барып, «Дала Венециясы» ретінде танылып кеткен су арнасының бойымен алып кеме тұрған айдынға барды.
Осылайша Түркістан қаласындағы бір күндік саяхат жоғары деңгейде өтті. Инклюзивті театр ұжымы демеушілік жасаған Қайрат Шаршыбекұлына өздерінің шынайы ризашылықтарын білдіріп, үлкен алғыстарын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!