Жексенбі, 09 қараша, 16:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

InnoFest 2025 фестивалі өз мәресіне жетті

09.11.2025

51 0

Қызылорда қаласында инновация мен шығармашылықты ұштастырған «InnoFest 2025» жастар фестивалі өз мәресіне жетті.
Биылғы фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен – Астана, Алматы, Жезқазған, Түркістан, Шымкент және Ақтау қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда облысынан 1600-ге жуық қатысушы тіркеліп, өз жобаларын ұсынды.

Жастар үш бағыт бойынша бақ сынады:
Жасанды интеллект (AI) – 72 жоба
Бағдарламалық жасақтама (Software Development) – 71 жоба
Кино & Видео – 95 жоба
Қатысушылар саны мен қызығушылық бойынша ең белсенді бағыт – Кино & Видео секциясы болды.

InnoFest 2025 фестивалі өз мәресіне жетті

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік жобалар 5,4 млн теңге жүлде қоры аясында марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар талантты жастарға Astana IT University, Халықаралық IT университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Болашақ университеті және Ашық университетінің гранттары табысталды.

Бас жүлде иегерлері:
• Software Development – Extrnos жобасы
• AI – Сұрыптаушы қоқыс жәшігі жобасы
• Кино & Видео – Фрилансер жобасы

Арнайы номинациялар бойынша ең жас қатысушы, үздік рилс және үздік видеообзор иегерлері де марапатталды.

InnoFest 2025 – жастардың инновациялық ойлау қабілетін, шығармашылық бастамасын және технологиялық сауаттылығын дамытатын маңызды алаңға айналды.
Фестиваль биыл да Қызылорданың жаңашылдыққа ұмтылған, мүмкіндіктерге бай аймақ екенін айқын көрсетті.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: