Сәрсенбі, 13 тамыз, 12:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Интернет алаяқтықтың алдын алу – азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі

13.08.2025

64 0

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың жедел дамуы азаматтардың өмір сүру сапасын арттырғанымен қатар, жаңа қауіп-қатер түрлерін де туындатуда. Соның ішінде интернет алаяқтық қылмысы ерекше алаңдаушылық тудырады. Бұл қылмыс түрі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген алаяқтық құрамына жатады және интернет желісі, әлеуметтік желілер, электрондық пошта, мессенджерлер, мобильді қосымшалар арқылы бөтеннің мүлкін немесе мүлікке құқықты алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен иемденуді білдіреді.

Интернет алаяқтар түрлі тәсілдерді қолданады: жалған интернет-дүкендер құру, банктік карталар мен шоттар деректерін заңсыз алу, жалған инвестициялық платформаларды пайдалану, әлеуметтік желілерде жалған сыйлықтар немесе жеңілдіктер ұсыну, сондай-ақ танысу сайттары арқылы сенімге кіру. Мұндай әрекеттердің салдары азаматтардың қаржылық шығынға ұшырауы ғана емес, сонымен қатар олардың жеке деректерінің үшінші тұлғалардың қолына өтуіне әкеп соғады.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен басқа да уәкілетті органдар интернет алаяқтық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты түрде профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары азаматтарға мынадай сақтық шараларын қатаң ұстануды ұсынады:

• белгісіз тұлғаларға жеке және қаржылық деректерді бермеу;

• күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды жүктемеу;

• төлемдер мен сатып алуларды тек ресми, тексерілген сайттар арқылы жүзеге асыру;

• қаржылық операцияларды растау кодтарын үшінші тұлғаларға хабарламау.

Интернет алаяқтықтың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттыру, ақпараттық гигиенаны сақтау және сақтық мәдениетін қалыптастыру аса маңызды. Әрбір азамат киберқауіпсіздіктің негізгі қағидаларын білуі және оларды күнделікті өмірінде қолдануы қажет.

Заңнама талаптарын сақтау және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – интернет кеңістігінде алаяқтық әрекеттерден қорғанудың ең тиімді жолы.

 Ақзер Бодыкова,
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: