Қазіргі таңда алаяқтықтың ең кең таралған түрі – интернет арқылы жасалатын қылмыстар. Онлайн сауда жасау, қаржылық операцияларды орындау және түрлі қызметтерге тапсырыс беру азаматтардың өмірін айтарлықтай жеңілдеткенімен, бұл жағдай кибералаяқтардың жаңа тәсілдермен қылмыс жасауына мүмкіндік беріп отыр. Облыста жыл басынан бері аталған қылмыс бойынша 523 дерек тіркелген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Полиция департаменті тергеу басқармасының киберқылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Ақбаев Айдос хабарлады.
– Интернеттің дамуымен қатар, алаяқ қылмыскерлер де азаматтардан ақша жымқырудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Демек, бұл қолданысында телефоны бар кез келген адам интернет-алаяқтардың құрбаны болуы әбден мүмкін. Осы қылмыстардың алдын алу мақсатында, құзырлы органдар халық арасында сақтық шараларын үнемі ескертіп, нәтижелерін әлеуметтік желілерде кеңінен жариялауда. Соған қарамастан, ескертулер мен түсіндірмелік жұмыстарға ден қоймай, алаяқтардың құрығына түсіп жатқан азаматтар азаймай отыр. Естеріңізде болсын, СМС код арқылы ешқашан несие алынбайды, ол үшін фото-видео верификация өтуіңіз керек, ал СМС код айтып қойыпсыз деген, бұл жай ғана алаяқтардың сізді қорқыту айласы. Айтып өтетін өзекті мәселе, осы интернет-алаяқтық қылмыстарымен байланысты «Дроппер» деген жаңа ұғым пайда болды. «Дроппер» – интернет-алаяқтарға көмек көрсетуші немесе интернет-алаяқтық қылмысына қатысушы. Яғни, алаяқтар жәбірленушілердің шоттарындағы қаражаттарды «дропперлердің» банктік карталарын немесе есепшоттарын пайдалану арқылы шетелдік есепшоттарға аудартып алады немесе банкоматтардан қолма-қол шешкізіп алады. Осы қылмыстардың алдын-алу мақсатында, алаяқтарға көмек көрсетуші «дропперлерге» қатысты Қылмыстық кодексте жаңа 232-де 1-бабы енгізіліп, санкциясында кінәлілерге қатысты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіштен бастап, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралды ,- деді Айдос Османәліұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!