Бейсенбі, 05 ақпан, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Интернет-платформа операторының өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен есеп айырысу кезінде қандай міндеттемесі бар

05.02.2026

58 0

Фото: unsplash

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мамандары «Халық бухгалтері» акциясы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне байланысты маңызды мәселенің біріне тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Интернет-платформа операторының салық агенті ретінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен өзара есеп айырысу кезінде туындайтын міндеттемелері қандай?

Салық кодексінің 720-бабының 1-тармағына сәйкес жеке табыс салығының (ЖТС) сомасын есептеу салық салу объектісіне 0 пайыз мөлшерлемені қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі (АСР) бойынша жеке табыс салығының (ЖТС) мөлшерлемесі – 0%, ал әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемесі – 4% (МЗЖ – 1%, ӘӘЖ – 1%, МӘМС – 1%, ЖЗЖҚ – 1%)

Осылайша, 2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын тұлғалар жеке табыс салығын (ЖТС) төлемейді.

Салық кодексінің 721-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, интернет-платформа операторы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын және интернет-платформаны пайдалана отырып қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың табыстарынан тек әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу және аудару бойынша салық агенті болып табылады (себебі ЖТС =0).

Бұл ретте, интернет-платформаны пайдаланбай алынған табыстар бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын тұлғаның өз тарапынан дербес орындалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: