Дүйсенбі, 20 қазан, 17:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Интернетте қызбен танысып, кездесуге барған жігіт тоналды

20.10.2025

134 0

Фото: видеодан скриншот

Алматыда полицейлер танысу сайты арқылы тонау жасаған топты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алматы қаласында полицейлер «желіде танысу» тізбегі бойынша жасалған тағы бір тонау қылмысын әшкереледі.

Танысу сайттарының бірінде қызбен танысқан ер адам қылмыстың құрбаны болды. Қысқа әңгімелесуден кейін олар жалдамалы пәтерде кездесуге келіседі. Алайда кездесудің ортасында пәтерге өзін қыздың «ағалары» ретінде таныстырған үш ер адам кіріп келіп, оның кәмелетке толмағанын айтып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Сондай-ақ олар оның телефоны мен басқа да заттарын тартып алған.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде барынша сақ болуға, күмәнді орындарда кездесуден бас тартуға және тек хат-хабар арқылы ғана таныс адамдарға сенбеуге шақырамыз, – деді, Алматы қаласы Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: