Өскемен тұрғыны «тұрғын үй несиеcіне көмектесемін» деп сендірген «ипотекалық кеңесшіге» сеніп, миллиондарын жоғалтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін баяндады:
«Өскемен қаласындағы Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны алаяқтық фактісі бойынша өтінішпен жүгінді. Әйелдің айтуынша, күдікті оған тұрғын үй несиесін рәсімдеуге көмектесемін деп сенімін орап, 3 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген. Зиян шеккен әйел 2023 жылдың желтоқсанында тұрғын үй алуға көмек көрсету туралы жарнамалық хабарландыруға қызыққанын айтты. Ақша алған соң күдікті байланысқа шықпай қойған», – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің қамауға алу шарасы – үйқамақ.
Полиция азаматтарды сақ болуға, күмәнді жарнамаларға сенбеуге және ресми келісім-шарт пен кепілсіз белгісіз тұлғаларға ақша бермеуге шақырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
