Жұма, 10 қаңтар, 03:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

«Ішімде бөпе»: аяғы ауыр Ерке Есмахан ерекше образымен елді өзіне қаратты

09.01.2025

110 0

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан бүгінде отбасымен Италия елінде демалуда. Жұлдызды жанұя шетелдегі демалысы қалай өтіп жатқанын желіде көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке мен Райм балаларымен Милан қаласында ерекше отбасылық демалыс өткізуде. Ерлі-зайыпты әсем әрі танымал жерлерді аралап, желіде түрлі фото мен видео жариялады. Өнер иелері Италияда жүрсе де мәдени шараларға қатысуды ұмытпаған. Олар La Scala театрына әйгілі «Щелкунчик» қойылымына барған. Ерке Есмахан бұл кеш үшін арнайы образ дайындады. Әнші классикалық үлгідегі қызыл түсті көйлек киіп барған. Алайда жолдасы қойылымға классикалық образ киюден бас тартқан.

«Қолыңа Сartier, құлағыңа Сhopard. Ішіңе бөпе, Тағы Европа күтеді алда! Бұл күндер де қалады артта – деген ән күйеуімнің аффирмациясы. Сәлем, Италия! Милан. Театр La Scala. Щелкунчик», – деген жазба қалдырды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында. Желідегілер Еркенің образына тәнті болып, оған жылы лебізін жаудырған. «Қандай сұлусыз», «Нәзіктік пен әдеміліктің символы», «Жүктілік сізге өте жарасады екен», «Көз тимесін. Көрікті ару», «Еркенің осындай бақытты да сұлу болып жүргені жолдасының арқасы, жолдасының махаббаты», – деп жазуда көпшілік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: