Сәрсенбі, 05 қараша, 19:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Ішкі саясат тұжырымдамасы алауыздық қаупін азайтады

05.11.2025

51 0

Фото: - архив

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Президент бекіткен қағидаттар ұлт бірлігін және саяси жүйенің тұрақтылығын нығайтуға бағытталғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қоюы – мемлекеттік саясаттың жаңа идеологиялық негізін қалыптастырудағы маңызды кезең болды.

Саяси шолушы Ғазиз Әбішевтің пікірінше, бұл құжат ел дамуының негізгі бағытын айқындап, саяси жүйенің кемелденгенін көрсетеді.

Бұл құжатты мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыты ретінде қарастыруға болады,-деді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, ішкі саясатты жүйелеу қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетілген және кез-келген уақытта өзекті болмақ.

Менің ойымша, бір жыл бұрын да, екі жыл бұрын да ішкі саясатты жүйелеу қажеттілігі болған. Егер бұл жүйелеу дәл қазір жүргізілмегенде, ол бір жылдан кейін де, екі жылдан кейін де өзекті болар еді. Сондықтан “неліктен дәл қазір” деген сұраққа – біз ерекше бір сәтте тұрмыз деп айту қиын. Бұл кез-келген мемлекеттің даму кезеңі үшін өзекті мәселе, – деді ол.

Әбішевтің пікірінше, қоғамдық диалогтан бастап жастар мен мәдени саясатқа дейінгі барлық бағыттар кешенді тәсілді талап етеді, өйткені олардың әрқайсысы ішкі тұрақтылықтың бір бөлігі болып табылады.

Менің ойымша, барлық бағыттар кешенді жұмысты қажет етеді. Олардың ішінде жеңіл шешілетін сала жоқ. Барлығы өзара байланысты. Бұл – қоғам мен азаматтың идеалдандырылған моделін қалыптастыруға бағытталған, ол өз кезегінде әл-ауқаттың өсуіне, институттардың беріктігіне және мемлекеттілік жобамыздың тарихи тұрақтылығына ықпал етеді, – деп түсіндірді саяси шолушы.

Сондай-ақ ол әзірленген тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ішкі қауіптерді барынша азайтып, қоғам бірлігін күшейту екенін айтты.

Саяси қарсыластық тым күшейіп кетпеуі үшін, ұлт пікір айырмашылығынан бөлініп кетпеуі үшін – бірлік қажет. Ал ел ішкі қақтығыстардан күйреп қалмауы үшін – мықты президенттік билік керек. Сондықтан дәл осындай қағидаттар құжаттың негізіне енгізілген,- деп қорытындылады Әбішев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: