Сенбі, 23 қараша, 07:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

20.01.2021

6713 0

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

 Ол үшін:

* Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;

* SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон;

* Компьютеріңізде веб-камера болуы керек;

* Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз. Порталдың басты бетінде еgov.kz «ЭЦҚ қашықтықтан алу»батырмасын басыңыз.

Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде «Рұқсат ету» түймесін басыңыз. Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпиясөз) енгізіңіз; 

Назар аударыңыз!

Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады.

 МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді; «ЭЦҚ алуға өту» батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),«Бастау» батырмасын басу қажет; Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге «орналастырып», фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін «Жалғастыру» түймесін басыңыз; Әрі қарай сізге бейнесәйкестендіру терезесі ашылады, онда «Бастау» түймесін басу керек.

Бейнесәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, «PIN-кодты орнату» батырмасын басу қажет;

Жеке куәліктің фотосуретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз; 

Электрондық мекенжайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз; 

Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және « Ашу » батырмасын басыңыз. ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және «сертификаттарды Жүктеу»батырмасын басыңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: