Сәрсенбі, 12 ақпан, 12:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11,2124
11.02.2025
PDF мұрағаты

Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек

12.02.2025

7 0

Арал теңізінің құрғауы Орталық Азиядағы ең ірі экологиялық апаттардың бірі болып табылады. Ол туралы «Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек», – деді Мемлекет басшысы.
Соңғы жылдары Солтүстік Арал теңізінің су деңгейі мен ауданының ұлғаюы – оң үрдіс. Балық түрлерінің қайта қалпына келуі, судың минералдану деңгейінің төмендеуі және жасылдандыру шаралары теңіз экожүйесін жандандыруға көмектеседі.
Күріш алқаптарын лазерлік тегістеу және заманауи суару технологияларын енгізу нәтижесінде үлкен көлемде су үнемделіп, Аралға бағытталуда. Бұл шаралар ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырып қана қоймай, су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Әсел Асылбек ,
Белсенді жас

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: