Жұма, 10 қаңтар, 00:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Электр монтаждау және IT мамандықтарына көп басымдық беріліп жатыр

09.01.2025

110 0

Фото: Облыстық қоғамдық даму басқармасы

Syrboyi.kz хабарлауынша, Қызылорда облысындағы студенттердің 35,7 пайызы жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатыр.

«Жұмысшы біліктілігі бойынша бізде техникалық мамандықтарымыз бар. Автомобиль көлігін жөндеу, автоэлектрик, автослесарь деген сияқты. Сонымен қатар электр монтаждау және IT мамандықтарына көп басымдық беріліп жатыр. Атап айтатын болсақ, электрмен қамтамасыз ету мамандығы бойынша бізде тіпті студенттеріміз іс-тәжірибеден өтіп жүріп жұмысқа орналасып кетеді. Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл өте орынды. Жұмысшы біліктілік сапасының жоғарылауына және жұмысшы біліктілігінде оқып жатқан студенттердің мәртебесін көтеруге арналған бірден-бір мүмкіндік деп айтуға болады», – деді «Орда» жоғары колледжінің директоры Гүлжамила Досжанова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: