Жексенбі, 15 қыркүйек, 15:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73-2083
14.09.2024
PDF мұрағаты

Электр қуатына тәуелді болудың алдын алу, сенімді инвестициялық жобаларға негіз

14.09.2024

226 0

Бүгін «Электр қуатына тәуелді болудың алдын алу, сенімді инвестициялық жобаларға негіз» тақырыбында жиналыс өтті.
Ел экономикасының дамуымен көптеген өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар іске қосылуда, сондықтан қосымша энергия қуатын жедел енгізу қажет.Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселені халықпен алдын ала талқылай отырып, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болды.
Қазіргі таңда республиканың барлық аймақтарында АЭС салуға қатысты сала мамандарының қатысуымен жария талқылаулар өтіп жатыр.
Жалпы электр қуатына тәуелді болудың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдауымыз қажет екендігі түсіндіру мақсатында,облысымыздағы энергетика саласының үздік мамандары қатысты. Олар Энергетика саласының ардагері Каримбаев Мухитжан Исмилұлы, «Оңтүстік жүйелер электр желілері» филиалының «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» АҚ Қызылорда аумақтық электр жүйесінің басшысы Қаныбетов Тілеуберген Сағынышұлы,
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ы директорының орынбасары Сатханов Науырыз Асанханұлы баяндама жасады.
Біздің мақсатымыз – барлық азаматтардың мүдделерін ескеріп, еліміз үшін қауіпсіз және тұрақты энергетикалық болашақты қамтамасыз ету.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: