Дүйсенбі, 13 қазан, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Энергетика министрлігі автобуста жолақыны көтеру туралы сарапшының пікіріне жауап берді

13.10.2025

154 0

Фото: t.me/baidildinovoil

Энергетика министрлігі сарапшы Олжас Байділдиновтің автобустарда жолақы құнына қатысты айтқан пікіріне түсініктеме беріп, оның ведомствоға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрліктің хабарлауынша, кейбір ақпарат құралдарында Олжас Байдильдинов «ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі» ретінде көрсетілген материалдар жарық көрген. 

«Оның қоғамдық көліктегі жолақы тарифтері туралы айтқан пікірлеріне қатысты министрлікке сұраныстар түсіп жатыр. Олжас Байдильдинов ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылмайды. Қоғамдық көлік тарифтеріне қатысты айтқан пікірлері оның жеке көзқарасы және мемлекеттік органдардың ресми ұстанымын білдірмейді», – деп хабарлады ведомство.

Министрлік атап өткендей, қоғамдық көлік қызметтерінің тарифін қалыптастыру жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімдіктердің құзыретіне жатады. 

«Бұл мәселе Энергетика министрлігінің қызмет саласына кірмейді және оның күн тәртібінде жоқ», – делінген ведомство жауабында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: