Жұма, 29 қараша, 15:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді – Цой

18.05.2021

1958 0

Қазақстанда соңғы екі аптада вирус жұқтыру көрсеткіші 20%-ке төмендеген. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі таңда аурудың төмендеуінің оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Соңғы екі жұмада вирус жұқтыру көрсеткіші өткен екі аптамен салыстырғанда 20%-ке төмендеді», – деді Цой үкімет отырысында.


Министрдің айтуынша, Қазақстан қазір коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта орналасқан.

«Қызыл» аймақта 6 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары.

«Сары» аймақта 5 өңір: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.

Қалған алты өңір «жасыл» аймақта тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: