Өңірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 2023 жылы 6973,5 мың доза, 2024 жылы 7468,5 мың доза ветеринариялық препарат бөлінді. Ал биыл аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6277,9 мың доза ветеринариялық препарат қаралып отыр. Бүгінгі таңда облысқа бөлінген 72,7 пайызы тасымалданып, аудандарға таратылған. Алдын-ала егу жұмыстары жоспарға сәйкес орындалуда. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.
– Облыс бойынша бұрын белгісіз болып келген жануарлар мен адамға ортақ 64 сібір жарасы ауруының 57 көміндісінің орны 2015-2016 жылдары нақтыланған еді. Нақтыланбаған 7 көміндінің орналасқан орны белгісіздігі туралы тиісті мекеме басшыларынан құралған арнайы комиссия «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-мен бірлесіп акт жасалып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылды. Осы көмінділер 2024 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қайта қалпына келтірілді. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген 315,3 млн. теңге 6 түрлі энзоотиялық ауруларға 799,4 мың доза препараттар толық алынды. Бекітілген жоспарға сәйкес толық егілуде. Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы зерттеуге алынған қан сынамалары мен патологиялық материалдар ветеринариялық зертханаларда зерттеледі. Оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында биылғы жылы бекітілген жоспарға сәйкес жануарларға диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 42 бас МІҚ, 28 бас уақ мал ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық сойылды. Қазіргі күні, облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр. Жыл басынан жоспарға сәйкес 330,0 мың бас бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді. 2025 жылдың 1 тамызына ақпараттық жүйеде 1560,2 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді,- деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!