Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ЭТНОQUIZ интеллектуалды сайысы өтті.
ЭТНОQUIZ-дің мақсаты – бірлік пен татулықты, достықты дәріптеу, қоғамдық келісімді нығайту.
Сайысқа облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктің өкілдері, Ассамблея жастары және облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты орталықтардың қызметкерлерінен құралған 6 топ қатысты.
Сайыс 6 кезең бойынша өтті. Әр кезеңнің сауалдары қиын әрі қызықты болды. Әсіресе Ва-Банк және Капитандар туры тартысты өтті.
Квиз барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Ерлан Сисенбиев және «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов сөз сөйлеп, сайыс танымдық білім жетілдірудегі ұтымды бастама екендігін алға тартты.
Шығармашылық даму мен рухани азық сыйлаған ЭТНОQUIZ-де 1 орынды – этномәдени бірлестіктер төрағалары мен мүшелерінен құралған «Достық» тобы, 2 орынды – Қоғамдық даму басқармасының қызметкерлерінен құралған «Даму» тобы, 3 орынды – Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерінен құралған «SYR JASTARY» тобы жеңіп алды, облыстық қоғамдық даму басқармасының алғыс хаттарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!