Бейсенбі, 06 қараша, 17:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Этнос өкілдері мен Қызылорда жастары үстел теннисінде бақ сынасты

06.11.2025

61 0

“Жеңіс-бірлікте!” ҚХА қоғамдық жобасының аясында Қызылорда облысының теннис орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай үстел теннисінен ауқымды турнир өтті.

Спорттық сайысқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық ҚХА құрылым мүшелері және “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері қатысты.

Спорт додасының басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Ерлер арасында І орынды – Мэлс Ким, ІІ – Рашид Икрамов, ІІІ – Борис Федотов иеленсе, әйелдер арасында І орын – Марина Кимге, ІІ – Наталья Тянге, ІІІ – Ирина Каратицкаяға бұйырды.
Жастар арасындағы тартысты ойын нәтижесінде Бауыржан Жанұзақов жеңімпаз атанып, Айдос Алназаров – ІІ, Бектемір Нахбек ІІІ орын алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: