Бейсенбі, 07 тамыз, 19:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Кадр қызметі: тәртіп пен ұстаным тоғысқан тұс

07.08.2025

46 0

Байсалды қалып, байыпты байлам – кадр қызметінің басты сипаты. Демек, мұнда үстірт көзқарасқа жол жоқ деген сөз. Осы тұста, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіндегі кадр бөлімінің жұмыс барысын баян етпекпіз.
Кәсібилікті қамтамасыз ету оңай емес. Ал, кадр бөлімі ұқыптылық пен ұтымды шешімі арқылы жұмысты жүйелеп отыр. Саптық алаңда сап түзеген қызметкерлерді тексеруден бастап, мекеменің маңызды мәселелеріне дейін ден қояды. Аппараттық жиналыста да күн тәртібіндегі тақырыптарды таразылап, күрмеулі түйінді тарқатады. Яғни, кадр тобының маманы кеңесте тек көсіліп сөйлемей, талдауға көшеді.
Бұл – жұмыстың басы ғана. Бұдан бөлек, жұмысқа жаңа мамандарды қабылдап, сұхбат жүргізу жауапкершілігі де кадр бөліміне жүктелген. Қызметкерлердің жеке ісін толықтыру, нормативтік құжаттармен жұмыс, ішкі тәртіпті бақылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды ауқымды тірліктің бәрін атқарады.


– Біздің міндет – тәртіпті сақтаудың тиімді тетігін таба білу. Әр қызметкердің заңдық, әкімшілік және тәртіптік тұрғыдан жүйеге сай болуын қадағалаймыз. Қызметке қабылдау, лауазымдық қозғалыс, ішкі тәрбие – барлығы біздің құзырымызда. Жұмыстың жүйелі болуы үшін қолдан келгенше қызмет етіп келеміз. Талапты да, ережені де, оны орындаушылардың мүмкіндігін де білеміз. Сондықтан әр шешімді есеппен, нақты регламентке сүйене отырып қабылдаймыз. Мұның бәрі нәтиженің нанымды болуына әсер ететіні сөзсіз, – деді мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспекторы Динара Шахи.


Шынында да, кадр бөлімінің тәртіпті сақтауға салғырт қарамауы – ұстанымның беріктігінен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: